$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ШҚО-да полицейді ұрған ер адамның 3 жылға бас бостандығы шектелді

AstanaTV
03.02.2024ж. 07:09
939
ШҚО-да полицейді ұрған ер адамның 3 жылға бас бостандығы шектелді

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында полицейді ұрған ер адам 3 жылға бас бостандығынан шектелді.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, түнгі уақытта 36 жастағы ер адам такси жүргізушісіне жол ақысын төлеуден бас тартқан. Сол кезде жүргізуші мас жолаушыны қалалық полиция бөліміне алып келеді.

«Ол полиция бөлімшесінде де дөрекі мінез танытып, балағат сөздер айтып, такси жүргізушісін қорқытуын тоқтатпаған. Сол кезде полиция қызметкерлері Риддер тұрғынын тәртіпке шақырады. Бірақ ер адам бұл талапқа бағынбай, заңсыз әрекеттерін жалғастырып, инспектордың бетінен екі рет ұрып жіберген», - делінген ақпаратта.

Сот шешімімен 36 жастағы айытпалушы кінәлі деп танылды. Оған 40 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту және 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.