Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жас жігіт көлігімен бірге өртеніп кетті

AstanaTV
03.02.2024ж. 11:16
662
Жас жігіт көлігімен бірге өртеніп кетті

Павлодарда Лада Гранта жеңіл көлігі өртенді. Отқа оранған көліктің жанынан жас жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға Толстой көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған.

"2 ақпан күні таңертеңгі сағат 5.31-де жеңіл машинаның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Үй ауласында тұрған ВАЗ-2190 көлігі толығымен жалынға оранған. Құтқарушылар өртті сөндіру барысында машинаның жанынан өртеніп кеткен жігіттің мүрдесін тапты. 2001 жылы туған азаматтың өлім себебі анықталуда",- деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдай департаментінен.