Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Майқайыңдағы апат: Құтқарушылардың жұмысы шұғыл тоқтатылды

AstanaTV
03.02.2024ж. 18:06
911
Майқайыңдағы апат: Құтқарушылардың жұмысы шұғыл тоқтатылды

Кеніш аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстары әзірше тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ойық түбінде тереңдігі 3 метрдей болатын шұңқыр пайда болған.

Экскватор қазып жатқан жерде терең шұңқыр пайда болды. Шұңқырдың түбінде бос кеңістіктер бары байқалады. Экскаватор мен мамандар шұғыл түрде жоғары көтерілді. Ойық түбіндегі топырақтардың төмен опырылып түсіп кетуі қаупі туындағандықтан, жұмыстар уақытша тоқтады, - деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қазір пайда болған шұңқырдың ішіне эндокамера түсіріліп, зерделеніп жатыр.