Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"HopToDesk" қосымшасын жүктеуді сұраған“: Ақтөбелік бар ақшасынан айырылды

AstanaTV
03.02.2024ж. 23:46
1728
"HopToDesk" қосымшасын жүктеуді сұраған“: Ақтөбелік бар ақшасынан айырылды

Ақтөбе қаласының 43 жастағы тұрғыны жинақ ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ведомство мәліметінше, Ақтөбелік азаматқа белгісіз ер адам қоңырау шалып, өзін банктердің бірінің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырған. Қылмыскер алаяқтар оның атына несие рәсімдеуге тырысып жатқанын айтып, оның банктік шотын қорғауды ұсынған.

Ол үшін интернет арқылы "HopToDesk" қосымшасын жүктеуді сұраған. Жәбірленуші күдіктінің барлық айтқан әрекеттерін жасаған және осылайша банктен несие рәсімделген. Кейінірек ол 2 млн. теңгеге жуық сомаға алданғанын түсінген соң, полицияға арызбен жүгінген.

"Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде", -делінген хабарламада.