Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Атыраулық әйел Бейбіт Қорғаннан 4 жасар баласы барын айтты: жағдайға әншілер пікір білдірді

AstanaTV
04.02.2024ж. 12:32
1338
Атыраулық әйел Бейбіт Қорғаннан 4 жасар баласы барын айтты: жағдайға әншілер пікір білдірді

Былтыр қараша айында атыраулық келіншек Бейбіт Қорғаннан 4 жасар баласы барын айтқан болатын. Ал бірнеше күн бұрын әнші ДНҚ сараптамасын тапсырып, өнер иелері осы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Дина Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Бейбіттің болжамды баласы не болды? "Астарлы ақиқат" бағдарламасын жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ тапсыру үшін, оны ақыры сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірнәрсе айта ма деп едік, ләм-лим демеді. Бізден қашса да, ақыры Атырауда, заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды. Нәтижесін сот бір айдан кейін жария етуі тиіс. Ал әнші әріптестері Бейбіт Қорғанның әрекетінен қателік көріп тұрған жоқ секілді", - деген болатын Дина Төлепберген.

Әншінің өнердегі әріптестері Жеңіс Ысқақова мен Абай Бегей жағдайға байланысты пікір білдірген.

"Оған үйлебейтінін біле тұра, баланы өмірге әкелген екен. Қолыңмен істедің бе, басыңмен көтер. Талантты, жақсы жігіттен туған екенсің. Ол әйел өзі үшін туды. Тумауына да болатын еді", - деді Жеңіс Ысқақова.