Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Балаларды сабап, қылқындырған: 30 жастағы күдікті ұсталды

AstanaTV
05.02.2024ж. 10:20
1330
Балаларды сабап, қылқындырған: 30 жастағы күдікті ұсталды

Астанада үй подезінде балаларды сабап, қылқындырған ер адам ұсталды. Ақпаратты Астана қаласының полиция департаменті растады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұзақылық фактісі бойынша іс қозғалды

– Аталған факт бойынша Байқоңыр ауданының полиция басқармасы тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға қалай болды

Еске сала кетейік, Астанада болған қылмыстың видеосы кеше тараған. Видеоны әлеуметтік желіге блогер Насима Қорғанбекова бөлісті. Кадрда ер адамның подезге кіріп, бір баланы шапалақпен тартып жібергені, екіншісін теуіп, үшіншісін қылқындырғаны көрінеді.