Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ауа райына байланысты сабақ кестесі өзгереді

AstanaTV
05.02.2024ж. 14:13
936
Ауа райына байланысты сабақ кестесі өзгереді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысының мектептерінде сабақ кестесі өзгереді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ауа температурасы -3 градус, желдің жылдамдығы 20м/с (боран) болуына байланысты: Лисаков қаласы мектептерінің 2-6-сынып оқушылары 2024 жылдың 2 ақпанында онлайн оқыту форматына көшірілді.

Боранға байланысты Меңдіқара ауданындағы мектептердің 2-7-сыныптағы екінші ауысымда оқитын оқушылар 2024 жылдың 5 ақпанында онлайн оқыту форматына көшеді.

Ал Ұзынкөл ауданындағы екінші ауысымдағы сабақтар қашықтағы форматқа көшірілді.

Желдің күшеюі, қардың көтерілуіне байланысты Қостанай қаласындағы мектептердің екінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары 5 ақпанда онлайн оқыту форматына көшірілді.

Ауа температурасы -4 градус, желдің жылдамдығы 28 м/с (боран) болуына байланысты Науырзым ауданы мектептеріндегі 2-4-сынып екінші ауысым оқушылары 5 ақпанда онлайн оқыту форматына көшірілді.