Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Кәcіпкер бұрынғы сүйіктісін өлтіруге тапсырыс берген

AstanaTV
05.02.2024ж. 16:04
518
Кәcіпкер бұрынғы сүйіктісін өлтіруге тапсырыс берген

Алматыда ірі кәсіпкер бұрынғы сүйіктісінің интим видеосын таратқан, тіпті өлтіруге тапсырыс берген, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің көп ұзамайй ұсталғанын хабарлады.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ПД ресми өкілі.

Қамауға алынған кәсіпкер алдымен келіншектің интим видеосы таратқан, артынан оны өлтіруге тапсырыс берген. Оның бұйрығымен бойжеткеннің үйіне белгісіз ер адам келіп, екі рет оқ атқан.