Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ақтөбе облысында 38 жаңа мектеп салынады

05.02.2024ж. 20:00
726
Ақтөбе облысында 38 жаңа мектеп салынады

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Ақтөбе облысында 18 жаңа мектеп салу жоспарланған. Қазір 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олар 2025 жылға дейін қолданысқа беріліп, он бес мыңға жуық оқушыны қамтиды деп жоспарланған. Жаңа мектептердің 13-і облыс орталығында орналасқан. Қалғаны Темір, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарында салынады. Жобаның жалпы құны -90,7 млрд теңге. Қазіргі күні облыста үш ауысым үш мектеп, төрт апатты жағдайдағы білім ошағы бар.

Артур ӘУЕЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

18 мектептің 14 құрылысы 2024 жылы бітеді. Қалған төрт мектеп 2025 жылы бітеді. Одан бөлек салынып жатқан жергілікті бюджеттен мектептер бар. Оларда 2024-25 жылдары бітеді. Сонымен бізде 38 мектептің құрылысы 2025 жылы бітетін болады.