Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«Қарызсыз қоғам»: Биыл жобаға 750 қазақстандық қатысады

«Қарызсыз қоғам»: Биыл жобаға 750 қазақстандық қатысады

Елімізде «Қарызсыз қоғам» жобасы жалғасын тапты. «AMANAT» партиясының қолдауымен ұйымдастырылатын жобаға биыл 750 мың қазақстандық қатысады деп жоспарланған. Бүгін еліміздің әр аймағында халықты қаржылық сауаттылыққа үйрететін алғашқы дәрісі басталды.

 «Amanat» партиясына келетін 10 өтініштің кем дегенде бесеуі қаржылық мәселеге байланысты болады. Сондықтан партия халықтың қарыздан тез құтылуына, несиеге белшеден батпауына көмектесіп, қаржылық сауатын арттыру мақсатында «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алған. Жоба былтыр еліміздің 8 өңірінде ұйымдастырылды.

Ерұлан ЖАМАУБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Өңірлдерде пилоттық жоба өткізілді. Еліміздің 65 мың тұрғыны қаржылық сауаттылық негіздерін оқып шықты. Бүгінгі таңда 9 мемлекеттік орган және 11 екінші деңгейдегі банктер арасында алдағы 3 жылға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 6 негізгі бағыт бойынша 25 іс-шараны қамтитын тиісті жол картасы әзірленіп, іске асырылуда.

Биыл 20 өңірінде 200 мың адамды оқыту жоспарланған. Сондай-ақ мектеп, колледж және жоғары оқу орнына арналған әдістемелік құралдар әзірленеді. Бұл шамамен 100 мың студент пен 450 мың оқушыны қаржыға неғұрлым жауапты қарауға үйретеді, дейді мамандар.

Дәулет Кәрібек, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

«Қарызсыз қоғам» жобасы туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевта Қазақстан халқына Жолдауында ерекше тоқталғанын білесіздер. Енді Президент айтып өткен бастаманы біз Үкіметпен бірлесіп, еліміз бойынша ауқымын кеңейтуге бірге жұмыс жасаймыз. Биыл барлық өңірлерде осы жобаны қамтып өткізетін боламыз. Осының аясында Қазақстан 750 мың адам қаржылық сауаттылығын арттыратын болады.

Қазір күнделікті қажеттілігіне несие рәсімдеуді дағдыға айналдырып алғандар көп. «Қарызсыз қоғам» сол олқылықты жоюға, қаржыны сауатты басқаруға көмектеседі. Жоба жетекшісі Ақмарал Баймұрзаеваның айтуынша, «Қарызсыз қоғамға» қатысушылардың 58 пайызы көпбалалы отбасылар.

Ақмарал БЕКМҰРЗАЕВА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылардың дені әйелдер қауымы. Несие алушылардың да көбі қыз-келіншектер болып отыр. Елімізде 1 млн 700 мың адамның несиесі 90 күннен артық кешіктірілген. Сондай-ақ бұл көрсеткіш жыл сайын көбейіп барады.

Қаржылық сауаттылық дәрісіне жазылу үшін тұрғылықты жері бойынша «AMANAT» партиясының филиалына хабарласу қажет. Жобаға қатысушылар 5 күн бойы қаржылық сауатын ашатын болады. Сондай-ақ әр топта 50 адамға дейін оқиды.