Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келушілердің мәселесі оң шешілді

AstanaTV
04.01.2017ж. 20:00
1868
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келушілердің мәселесі оң шешілді

Екі қолға бір күрек іздеген шымкенттік жас маманға «Нұр Отан» партиясы көместесетін болды. Партияның облыстық филиалында өткен қоғамдық қабылдауға келген 75 жастағы қария немересінің бір жарым жылдан бері жұмыссыз жүргенін айтып, көмек сұрады. Әжейдің айтуынша, ол байланыс саласы бойынша мамандық алған. Мәслихат депутаты Рәшкүл Оспаналиева мәселені шешуге ат салысуға уәде етті. Ал қала тұрғыны Фарида Бегимованың жағдайы тіпті қиын. "Ауған соғысына қатысқан жарымжан ағамның күтушісі де, қамқоршысы да - өзім" дейді. Бір бөлмелі пәтерде алты адам күнелтіп отырмыз, он жылдан бері баспана кезегінің жылжитын түрі жоқ деп қынжылады. Мүгедек ағасына қарайтын адам болмағандықтан, жұмысқа да шыға алмайды.

Пенсия үкіметтің беріп жатқанын алып, қолданып жатырмын, басқа ешқайда обращаться еткен емеспін. Жағдайымыз  мүшкіл, былайша материалдық көмекке, дәрілерге өте мұқтажбыз.

Бұл отбасы қоларбаға да мұқтаж. Осыны ескерген мәслихат депутаты өз есебінен арбаны сыйға тартты. Қоғамдық қабылдауға келгендердің көпшілігін баспана мәселесі қинайды. Коммуналдық тұрғысындағы қиындықтарды айтқан тұрғындар да бар.

Рәшкүл Оспаналиева, ОҚО мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының  мүшесі:

«Нұр Отанмен» бірлесе отырып, мемлекеттік мекемелермен байланыса отырып шешуге, шешу жолдарын ұсындық. Яғни ойлаймыз шешіледі деп. Бұларды үнемі бақылауымызда ұстаймыз.