Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Биыл 865 әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан жәбір көрген

05.02.2024ж. 20:00
466
Биыл 865 әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан жәбір көрген

Енді әйеліне қол көтергендер 8 жылға сотталуы мүмкін. Суицидке итермелегендер 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Мәжілісте әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасы таныстырылды. Енді денсаулыққа зиян келтіретін кез-келген әрекет қылмыс болып танылады. Ал кәмелетке толмаған баланы өлтіріп алған жағдайда өмір бақи бас бостандығынан айырылады.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл тек қана әйел немесе балалардың құқығын қорғауға арналған құқықтық шаралар емес. Бұл барлық біздің қазақстандық азаматтардың денсаулығына қасақана зиян келгені үшін, оның ішінде жеңіл зиян келгені үшін және ұрып-соғуға тап болған барлық азаматтарымыздың құқығын қорғауға бағытталған заңның нормалары екенін атап өтеміз. Бұндағы негізгі мақсат -бұл құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту.

Биыл 9 айда 865 әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан жәбір көрген. Мәжілісте Төрағаның орынбасары Дания Еспаева қылмыстардың басым көпшілігі отбасындағы тұрмыстық жанжалдардың салдарынан, алкогольдік мас күйде жасалады дейді.

Дания ЕСПАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өкінішке қарай, қабылданып жатқан шараларға қарамастан күш көрсету, зорлық жасау көрсеткіші жоғары болып отыр. Мысалы, 2021 жылы Астанада 796 әйел адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сексуалды қылмыстар құрбаны болды. 2022 жылы 1 000 әйел, ал 2023 жылы 9 айда 865 әйел осындай қылмыстарға ұшыраған. Оның көбі отбасындағы тұрмыстық жанжалдардың салдарынан, алкогольдік мас күйде жасалады.