Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Павлодарда бүгін 22 мың оқушы мектепке келмей қалды

05.02.2024ж. 20:00
365
Павлодарда бүгін 22 мың оқушы мектепке келмей қалды

Павлодарда бүгін 22 мың оқушы мектепке келмей қалды. Бұған оқу орындарына шабуыл жасалады - деген хабарлама себеп болған. Өңірдің білім беру басқармасының мәліметінше, ата-аналардың жартысына жуығы балаларын мектепке жібермеген. Полиция бұл ақпараттың жалған екенін айтады. Қазір қасақана жалған хабарлама таратқан адам іздестіріліп жатыр. Десе де, мектептер мен оқу орындарында бақылау күшейтілді. Әр мектепке тәртіп сақшылары кезекшілік етуде.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы жылдың басынан бастап осындай жалған хабарламалар елдің бірқатар қалаларында таралды. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін, тек ресми ақпаратқа сенуін сұраймыз.