$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада балаларды аяусыз ұрған ер адам ұсталды

05.02.2024ж. 20:00
668
Астанада балаларды аяусыз ұрған ер адам ұсталды

Астанада балаларды аяусыз ұрған ер адам ұсталды. Көпқабатты тұрғын үйдің подъезінде болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейтаныс жігіт ойнап жүрген балалардың бірінің бетінен жұдырықпен ұрған. Екіншісін теуіп, енді бірін тұншықтырыпты. Жапа шеккен балалардың ата-аналары бірден жедел жәрдем шақырған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Гүлмира ШРАХМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Байқоңыр ауданының полиция басқармасы осы тұрғын-үй кешенінің 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті балаларды ұрғанымен қоймай, болған жайтты ата-аналарыңа айтпаңдар деп қорқытқан көрінеді. Тіпті 5 мың теңге беріп, істеген былығын жуып-шаймақ болған дейді балалардың ата-аналары.

ЖӘБІРЛЕНУШІ БАЛАНЫҢ ӘКЕСІ:

Балам бірнеше сағат бойы айтпады. Кейін беті ісе берді. Анасы екеуміз басында балалармен төбелесіп қалған шығар дедік. Кейін бәрін айтып берді.Әбден қорқып қалған. Есік жабық па деп сұрай береді. Дүкенге жалғыз баруға қорқады. Мектепке әзір жібермей отырмыз.