$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Балаларды автобустан түсіріп кеткен жүргізушілер жазаланады

AstanaTV
05.02.2024ж. 21:33
1019
Балаларды автобустан түсіріп кеткен жүргізушілер жазаланады

Қазақстандық жүргізушілер 16 жасқа толмаған балаларды автобустан шығарып жіберсе, айыппұл төлейді. 

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың мәліметінше, заң жобалары балаларға дұрыс қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізеді. 

-кәмелетке толмағандарды қорлағаны немесе қорқытқаны үшін ескерту немесе 10-нан 30 АЕК-ке дейінгі айыппұл (2024 жылы 36,9 мыңнан 110,7 мың теңгеге дейін);

-жанында ата-анасы немесе заңды өкілі жоқ 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланы автобустан немесе басқа да қоғамдық жолаушылар көлігінен мәжбүрлеп түсіргені үшін - 5 АЕК (18,4 мың теңге);

-балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін-ата-аналарға немесе баланың басқа да заңды өкілдеріне айыппұл 10 АЕК (36,2 мың теңге).

Заң жобасы балаларға тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізеді: 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу. Сонымен қатар, құжатта кәмелетке толмағандарды заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейін, ал ұрлағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.