Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ұлына 1,5 млн теңге қарыз болған әкеге қатысты тергеу жүргізілді

AstanaTV
06.02.2024ж. 14:43
590
Ұлына 1,5 млн теңге қарыз болған әкеге қатысты тергеу жүргізілді

Шымкентте алименттен жалтарған әкеге қатысты тергеу жүргізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті тұрғын өзінің кәмелет жасқа толмаған баласын асырап бағу үшін ай сайынғы табысының немесе өзге кірісінің бөлігін төлеуге тиісті бола тұра, 2 жылға жуық жалтарып жүрген. Борышкердің берешегі 1,5 млн теңгеден асып кеткен.

Тұран АПБ-ның анықтаушылары оның бұрыңғы әйелінің арызы бойынша іс тіркеп, азаматты құжаттармен таныстырып, аталған құқық бұзушылық үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірді.

Міндетін орындамаған ер адамға қатысты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, жинақталған материалдар сотқа жолданды. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттік орган қызметінің басым бағыттарының бірі, ал балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың міндеті.

Осы ретте, полицейлер азаматтарға өз балаларыңыздың болашағы үшін алимент төлеуден жалтармай, заң аясында белгіленген қаражатты төлеп отыруға кеңес береді.