Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ерғали Айтмұхан еркін күрестен ел чемпионы атанды

AstanaTV
06.02.2024ж. 20:00
613
Ерғали  Айтмұхан еркін күрестен ел чемпионы атанды

Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан ел біріншілігінде жаңа салмақта өнер көрсетті. 19 жастағы әлем чемпионы бұл жарыста 97 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ақтық сында ол осы салмақтың үздігі Әлішер Ерғалимен күресіп, 10:14 есебімен қарсыласына есе жіберді. Белдесу барысында ұтып келе жатқан Ризабек соңғы минуттарда жамбылдық балуанға біраз ұпай беріп қойды. Қарсыласының жасаған әдістері нәтижелі болып, Ризабек Айтмұхан шешуші сәтте өз мүмкіндігін жіберіп алды. БылтырБелградта Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған еді. Алайда, бұл санат Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірмегендіктен, қазақ балуаны жоғары санатқа көтерілді. Айта кетейік, Ерғали Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы – оның екі "күміс" және екі "қола" жүлдесі бар.

ЕРҒАЛИ АЙТМҰХАН ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Марсельдегі турнирде өнер көрсетуде. Бірінші раундта ол француздық Бенджамин Бонзимен кездесіп, оны екі сетте 7:6, 6:4 есебімен ұтты. 1/8 финалда Шевченко турнирдің басты фавориті саналатын поляк спортшысы Хуберт Хуркачқа қарсы ойнайды. Биылғы жылы Марсельдегі турнирдің жүлде қоры 801 мың еуроны құрайды. Жарыс жеңімпазы 110 мың еуро алады, сонымен қатар 250 рейтингтік ұпайға ие болады.

А.ШЕВЧЕНКО АЛҒАШҚЫ ҚАРСЫЛАСЫН ЖЕҢДІ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Мумбайда өткен турнирде оңтүстіккореялық Со Хён Пакпен өткізген жұптық сынды сәтті бастады. 1/8 финалда Құламбаева мен Сохён итальяндық Анджелика Морателли және Камилла Росателломен кездесіп, оларды екі сетте 7:6, 6:2 ұпайымен жеңді. Айта кетейік, Морателли мен Росателло турнирдің басты фавориттері. Ширек финалда Құламбаева мен Пак Сохён Ресей мен Нидерландыдан келген дуэтпен немесе Грекия мен Латвия өкілдерімен сынға түседі.

Ж.ҚҰЛАМБАЕВА ҮНДІСТАНДАҒЫ ТУРНИРДІ СӘТТІ БАСТАДЫ

Футболдан Англия чемпионатының 23-ші турында "Брентфорд" өз алаңында "Манчестер Ситиді" қабылдады. 21-минутта Нил Мопе алаң иелерін алға шығарды. Осыдан кейін Манчестер Сити Филл Фоденнің хет-трикінің арқасында есепті өзгертті. Ол бірінші таймның 53-ші және 70-ші минуттарында қақпаға доп дарытты. Қорытынды есеп -3:1. «Манчестер Сити» 49 ұпаймен Премьер-лиганың турнирлік кестесінде екінші, ал "Брентфорд" 22 ұпай жинап, 15-ші орында тұр.

 «МАНЧЕСТЕР СИТИ» БРЕНТФОРДТЫ ЖЕҢДІ

 «Рома» мен «Кальяри» кездескен Италия А сериясының 23-ші турының ойыны аяқталды. Кездесу 4:0 есебімен «қасқырлар» командасының жеңісімен аяқталды. Екінші минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Лоренцо Пеллегрини есеп ашты. 23-минутта «Рома» шабуылшысы Пауло Дибала командасының есеп айырмасын еселей түсті. 51-минутта Дибала пенальтиді орындап, дубль жасады. 59-минутта римдік клубтың қорғаушысы Дин Хуйсен төртінші голды соқты. А сериясының 22 турынан кейін «Рома» 38 ұпай жинап, бесінші орынға жайғасты. Өз кезегінде Италия чемпионатындағы осындай санды матчтардан кейін Кальяри 18 ұпай жинап, 18-ші орынға тұрақтады.

 «РОМА» «КАЛЬЯРИ» 4:0

Түркиялық "Бешікташ" ағылшындық "Ноттингем Форест" орталық қорғаушысы Джо Уорралдың ауысқанын жариялады. 27 жастағы орталық қорғаушы биылғы маусымның соңына дейін «Бешикташ» сапында жалға алу құқығымен ойнайды. Джо Уоррал «Бешиктастың» екінші ең қымбат ойыншысы болды. – Ағылшындық спортшы 12 миллион еуроға бағаланады.

Ыстамбұл клубында жартылай қорғаушы Джедсон Фернандеш қана 17 миллион еуромен қымбат ойыншы қатарында.

Осы маусымда Уоррал «Ноттингем Форест» сапында 9 матч өткізді және олар да нәтижелі болмады. «Бешикташ» қазір Түркия чемпионатында үшінші орында келеді. Ыстамбұл клубы келесі ойынын сыртта «Кайсериспорға» қарсы өткізеді.

УОРРАЛ ЗАЙНУТДИНОВТЫҢ КЛУБЫНА АУЫСТЫ

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін! Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді. Сонымен қатар, 1 ақпаннан бастап Винлайн Ресей Премьер лигасының қысқы кубогы өтеді. "Қайрат" футбол клубымен және Винлайн компаниясымен бірге Сіз Абу-Дабиге жолдама және бағалы сыйлықтар ұтып ала аласыз! Спорт әлемінен келіп түскен жаңалықтар легі осындай, жеңісті күндерде жүздескенше, сау болыңыздар!