$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте әкімдіктегі жиын кезінде антикор қызметкерлері шенеунікті ұстап әкетті

Шымкентте әкімдіктегі жиын кезінде антикор қызметкерлері шенеунікті ұстап әкетті

Шымкентте қалалық Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарып жүрген шенеунікті антикор қызметкерлері әкімдікте өтіп жатқан жиналыс үстінде ұстап әкетті. Лауазымды тұлға қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке іліккен. Келтірілген залал шамамен -120 млн теңге. Күдікті уақытша қамауда. Тергеу жалғасып жатыр. Аппарат жиынында шаһар басшысы әкімдік қызметкерлеріне осыған дейін бірнеше адал еңбек етуді ескерткенін айтты.

Ғабит СЫЗДЫҚБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Әріптестер, мені дұрыс түсініңіздер Сіздер! Менің басқа амалым қалмады. Білесіздер ғой, бес ай бойы сіздерден сұрап келе жатырмын. Президентіміз тапсырма беріп отыр . Ақшаны ұрламаңыздар!... Халықтың ақшасы бұл, сіздердің бала-шағаларыныңздың ақшасы. Сіздерге бұл сабақ болсын.