$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Әлеуметтік-экономикалық дамуға жаңа көзқараспен қарау қажет", - Президент

06.02.2024ж. 20:00
1151
"Әлеуметтік-экономикалық дамуға жаңа көзқараспен қарау қажет", - Президент

Президент Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды. Оның кандидатурасын «Amanat» партиясы ұсынды. Мемлекет басшысы Мәжілістің пленарлық отырысына қатысып, Жаңа Үкімет басшысына жүктелетін міндеттерді тізбектеп берді.

Мемлекет басшысына "AMANAT" партиясының атынан Премьер-министрдің кандидатурасына Олжас Бектенов ұсынылды. Ол бұған дейін Антикорда және Президент әкімшілігінде қызмет атқарды. Аймақта да жұмыс істеген тәжірибесі бар. Саяси сатылардан өткен. Президент үміткерді тағайындау үшін депутаттардан келісім сұрады. Мәжілістің 69 депутаты кандидатты қолдаса, жетеуі дауыс беруден бас тартты. Жаңа Үкімет басшысына Президент үлкен сенім артатынын айтты.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Олжас Бектенов – тәжірибелі мемлекеттік қызметші. Оның Қазақстан экономикасы және басқа да салалар бойынша білімі мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, өзі – тәртіпті, адал, еңбекқор азамат. Сондықтан ел экономикасының алдында тұрған мақсаттарды жүзеге асыруға қабілеті жетеді деп ойлаймын.

Маңызды шешімдерді шұғыл қабылдауы керек. Мемлекет басшысы Жаңа Үкіметке осындай міндет жүктеді. Елдің әлеуетін арттыру -маңызды. Ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін атқарылып жатқан жұмыстар аздық ететінін айтты. Қазақстанды озық мемлекетке айналдыру керектігін жеткізді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл жай ұран емес. Бұл — біздің нақты жоспарымыз. Бізге керегі — дамудың сара жолы. Сондықтан түбегейлі саяси реформалар жүргізумен қатар еліміздің қоғамдық-экономикалық өмірінде елеулі өзгерістер жасау үшін батыл шаралар қабылдауымыз керек. Ең бастысы, біздің бүкіл іс-әрекетіміз Әділетті Қазақстан құру қағидатына сай болуға тиіс.

Ел экономикасының өркендеуіне отандық өнімнің қосатын үлесі жоғары. Жаңадан тағайындалған Үкімет басшысы осы салаға ден қоймақ. Отандық өндірісті ынталандыру үшін нақты шаралар қабылданатынын айтты. Сондай-ақ, елде мұнай-газ, көмір өндірісі, машина жасау, қосалқы бөлшектер шығару яғни жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын салаларды барынша дамытуға күш салмақ.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Басты мақсат — басқа елдің емес, өзіміздің ұлттық бизнесімізді қолдау. Ауыл шаруашылығы саласының зор әлеуетін дұрыс пайдалану маңызды. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуге назар аударамыз. Электр қуаты, жылу әрі сумен қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс атқарамыз. Тиімсіз шығындарды қысқартып, үнемделген қаражат инфрақұрылымды жаңартуға бағытталады.

Халық қалаулары жаңа Үкіметтен үлкен үміт күтеді. Бұрынғы кемшіліктер қайталанбаса дейді, қарқынды жұмыс болғанын қайлайды. Ал нәтижесін жұрт сезінуі тиіс.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз бюджет тапшылығының өсіп жатқанын көріп отырмыз. Үкімет шығындарды жабуға Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды тоқтатуы қажет. Бұл ретте заңсыз тәркіленген активтерді қайтаруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жұмысын Үкімет үйлестіру қажет. Ал Фракция атынан біз ұсынып отырған кандидат осы күрделі мемлекеттік тапсырманың төтеп беретініне сенеміз.

Алдағы уақытта қаржы-экономикалық бағытта өзгерістер болады. Экономика дамыған кезде әлеуметтік мәселелер шешімін табады,-дейді депутаттар.

Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУАТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жоқшылықтан жалыққан халық. Кедейшілікке тап болып әбден қаны қайнаған халық. Әділдік таппаған ел алдымызға келеді. Зейнетақысы жетпеген халық алдымызға келеді. Дәрі-дәрмек түгілі азы-түлікке ақшасы жетпеген азаматтар келеді. Соның барлығын көріп отырғанда үкіметтің әлігінде берген есебіне кім сенеді. Мен өз басым сене алмаймын. Сондықтан дәл осындай кемшіліктердің қайттан қайталанбауына, әдем презинтациялар жасалып оның іске аспауын болдырмайды деп ойлаймын.

Азат ПЕРУАШОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУАТАТЫ:

Бектеновтың ерекшелігі оның мінезіндегі. Ол көп сөйлемейді, сабырлы. Оның түріне қарасаңыз өте сондай интелегент болып көрініп тұрсада, оның мінезі қатаң. Ол өз сөзінен таймайды.

Мемлекет басшысы Мәжілістің атқарып жатқан жұмысына да тоқталды. Халықтың қамына қызмет етуге шақырды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен Президент ретінде депутаттардың жұмысын мұқият қадағалап отырмын. Шындықты айтамын, Мәжіліске ризамын. Шын мәнінде ауқымды, маңызды жұмысты, ең алдымен халық үшін қажетті жұмысты абыроймен атқарып отырсыздар. Сондықтан баршаңызға ризашылығымды білдіремін.

Президент 5 жылдан кейін экономиканы 2 есе өсіру мақсатын қойды. Ол үшін экономикалық модель керек деді. Әлеуметтік-экономикалық дамуға жаңа көзқараспен қарау қажеттігін ескертті. Үкіметтің қаржы-экономикалық блогы өзгеретін болады.