Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтөбелік оқушылар онлайн оқиды

AstanaTV
07.02.2024ж. 09:37
610
Ақтөбелік оқушылар онлайн оқиды

Ақтөбе облысында жел күшейіп, боран соғып тұр. Бүгін барлық білім беру мекемесінде сабақ қашықтан болады.

Ақтөбеде балабақша, мектеп, колледж секілді барлық тәрбие, білім беру мекемесі бүгін қашықтан ғана жұмыс істейді.

«Ақтөбе облысының білім басқармасы ауа райының қолайсыз болуына байланысты Ақтөбе облысының барлық білім беру мекемелерінде оқу процесі қашықтан ұйымдастырылатынын хабарлайды», — деп жазды Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Еске салсақ қазіргі кезде Ақтөбеде қатты боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетті.