Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізде "Қарызсыз қоғам" жобасы басталды

AstanaTV
07.02.2024ж. 20:00
1193
Елімізде "Қарызсыз қоғам" жобасы басталды

«AMANAT» партиясының "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында Ақтөбе облысындағы 8 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылығын арттырды. Олардың 70 пайызы- ауыл тұрғындары. Білім алушылар жаңа бастама арқылы өз кәсіптерін бастаған.

Құндық ШАРТИКОВА, КӘСІПКЕР:

Өзімнің қызығушылығым осы тігінге түскеннен кейін осы тігін машинкаларымды алдым. Және қосымша қажетті заттарымды алдым. Қыз жасауын дайындаймын. Тойларға приздер әдемі жастықтар, көпшіктер қолымнан келгеннің барлығын жасап табыс көзімді осы тігінде болып тұр.

Майра БАЛҚЫБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: 

Халықты яғни тұрғындарды қаржылық сауаттандыру. Қазіргі таңда егерде өздерінің алған қарыздары болып жатса, сол кредитті жабуға көмек беру. Яғни оларды графикке отырғызу. Алдағы уақытта сол кредиттерді алмауға , қарызға батпауға үйретеді бұл курс.

"Қарызсыз қоғам" жобасынан павлодарлықтар да құр қалмады. Олар бір жылда 6500 адамды оқытуды жоспарлап отыр. Оқыту өңірдегі барлық аудан- қалаларды қамтиды. "AMANAT" партиясының бұл жобасы өз тиімділігін көрсетуде. {+2 СНХ}

 Айгүл МӘЛІКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Қарызы немсе кредиті көп адамдар тегін оқи алады. Оқу бізде 5 күн жүреді. Сертификат беріледі. Арнайы сертификат болған адамдар жыл бойы заңгерлерден кеңес алып, өз жағдайларын жақсарта алады.

Әсемгүл КҮЛМАҒАНБЕТОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысқаным дәл маған өте керек нәрсе. Бір жақтан мен білім алғым келеді. Қаржылық біліміз болса, өміріміз өзгереді деп ойдамыз. Білімсіздіктен көп қателік жасап жатырмыз. Сондықтан, осындай жоба шыққанымызға өте қуаныштымыз.