Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Түркістан және Қызылорда облыстарында құрғақшылық қаупі аса жоғары

AstanaTV
07.02.2024ж. 20:00
342
Түркістан және Қызылорда облыстарында құрғақшылық қаупі аса жоғары

Түркістан және Қызылорда облыстарында құрғақшылық қаупі аса жоғары. Президент кеңейтілген отырыста ескертті. Оңтүстіктегі өңірлер суды көп қажет ететін дақылдар өсіреді. Ал тіршілік нәрін үнемдейтін технология қолданбайды. Елімізде суармалы жердің небәрі 13 пайызында қолданылады. Түркістандықтар кемшілікті түзеп, қуаңшылықтың болдырмаудың жолын қарастырамыз деп отыр.

Ермұхамет ҚҰРАЛБЕКОВ,  ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Түркістан облысында қазіргі таңда су үнемдеу технологиясы 32 мың гектар жерге ендірілген. Ағымдағы жылы, 2024 жылы 22 мың гектар жерге енгізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, көктемгі тасқын суларды тиімді пайдалану мақсатында 68 млн куб сиымдылығы құрайтын «Бәйдібек ата су» қоймасының құрылысы басталды. Қазіргі таңда 4,1 млрд теңге қаржы қаралып, жұмыстары басталып кетті.

Ал Қызылорда облысының диқандары Сырдария өзеніне тәуелді. Жоғарыдан келіп жатқан су көлемі жылдағыдан едәуір азайып кеткен. Шардара су қоймасынан былтыр 1225 текше метр су келген болса, қазір секундына небәрі 915 текше метр су келіп құйылуда. Тіршілік нәрінің аз болатынын сала мамандары жасырмайды. Оны шаруаларға ескертіп жатыр. {СНХ}

Зейнолла ҚАЗТУҒАНОВ, АРАЛ-СЫРДАРИЯ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Республикада осы Сырария өзенінде, оның ішінде Қызылорда облысына тұрақты суаруға 4 млрд 157 млн текше метр су бекітілген. Су кодексінің 82 бабына сәйкес жылдың сулылығына сәйкес , болжамдарына сәйкес бекітілген су лимиті болжамға сәйкес қайта белгіленеді деп. Енді 4,1 емес біз алдын ала есептеуіміз бойынша 3,5 млрд текше метр тұрақты суаруға су бөлінеді деп отырмыз.