$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Қайта жасақталған Үкімет 19 негізгі жылу көзін жаңғыртуды жыл аяғына дейін аяқтау керек", - Президент

AstanaTV
07.02.2024ж. 20:00
1194
"Қайта жасақталған Үкімет 19 негізгі жылу көзін жаңғыртуды жыл аяғына дейін аяқтау керек", - Президент

Еліміздегі 19 жылу орталығының хәлі мүшкіл. Екі өкпесі әрең демалып тұрған қазандықтарды тез арада қалпына келтіру керек. Мемлекет басшысы Үкіметке осындай талап қойды. Өйткені, соңғы жылдары жылу мәселесі жыл сайын ұшығып барады. Президент мемлекеттік органдар жіберген қателіктерінен сабақ алмайды – деп сынға алды. Айтуынша, жылу беру маусымы жақындағанда сол проблемалар қайталанады. Осындайды болдырмау үшін Үкіметке жыл аяғына дейін 19 негізгі жылу көзін жаңғыртуды жүктеді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Екібастұздағы екінші ГРЭС-ті кеңейту және күрделі жөндеу жобасы уақтылы жүзеге асырылмай жатыр. Үкімет, ең алдымен, биыл апатты жағдайдағы 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауға тиіс. Сонымен қатар қуаты 700 мегаваттан асатын қосымша қуат көзімен қамтамасыз ету керек. Белгіленген мерзімді шегеруге болмайды. Жалпы, еліміз электр, жылу, су өндіру және жеткізу қуатының тапшылығын сезініп отырғаны жасырын емес. }Балқаш жылу электр орталығы құрылысының аяқталмай қалуы, табиғи монополия субъектілерінің ашық жұмыс істемеуі, сондай-ақ тарифтердің өсімін қолдан тежеу – осының бәрі кезінде жіберілген қателіктердің салдары.

Ал Қазақстанның құрметті энергетигі Ержан Темірханов бұл салада қордаланған мәселеге бақылаудың жоқтығы себеп болғанын айтады. Себебі, жылу орталықтары қазандықтарды жаңғырту жұмысына жыл сайын қыруар қаражат бөліп жатырмыз - деп есеп береді. Алайда, одан шыққан нәтижені көрмедік. Соның бір дәлелі Екібастұздағы апат.

Ержан ТЕМІРХАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЭНЕРГЕТИГІ:

5 жылда бір рет міндетті түрде ТЭЦ-тер жылу орталықтары сараптамадан өткізу керек. Қағаз жүзінде бәрі жақсы болған. 2004 жылы заң шықты. Одан кейін тәртіп шықты 15 жылы. Сонда былтырғы қыс болғанша, бәрі жақсы болды. Енді бір күнде ақша жоқ. Тарифті көтеру керек. Халықты шулату керек Үкіметтен ақша керек дейді. Сонда миилиондап инвестиция құйса, жаңа құбыр қайда? Жаңа қазандық қайда? Басқасы қайда?