Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтау әуежайын тергеп-тексеру қайта басталды

AstanaTV
07.02.2024ж. 17:09
723
Ақтау әуежайын тергеп-тексеру қайта басталды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Ақтау Халықаралық Әуежайы» АҚ қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы белгілерін тергеп-тексеру қайта басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz департамент хабарламасына сілтеме жасап.

Департамент хабарламасына сүйенсек, тергеп-тексерудің негізгі себебі - авиаотынды сақтауға арналған резервуарларды жалға беру қызметі бойынша монополиялық жоғарғы бағаны белгілеу. Алдын ала белгілі болғандай авиаотынды сақтау ерекше тауар нарығына жатады. Әуежайларда қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, авиакомпаниялар тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін авиациялық отынның сақталуын әуежайдың өзі қамтамасыз етуі керек. Оның орнына, әуежай заңнамада көзделген тікелей міндеттемелерінен өздерін шеттетіп, резервуарларды тиісті тауар нарығындағы ең жоғары бағамен авиакомпанияларға жалға берген.

Әуежай монополияға қарсы ведомствоның дәлелдерімен келіспей, Монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрығын заңсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап арыз түсірген болатын. Ұзаққа созылған (1 жыл 3ай) сот дауларының нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қаулысымен талапкердің шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

«Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жалғасуда. Қазақстан Республикасы монополияға қарсы заңнамасының бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, заңнамамен көзделген шаралар қабылданатын болады»,- делінген департамент хабарламасында.