Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алматыдағы лай көшкіні салдарынан бір адам өлі табылды

AstanaTV
08.02.2024ж. 10:39
990
Алматыдағы лай көшкіні салдарынан бір адам өлі табылды

Алматыдағы лай көшкіні салдарынан бір адам өлі табылды. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, қазір тазарту, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Апат болған жерлердің бәрін тазартып жатырмыз. 1-2 сағатта апатқа ұшыраған үйді толығымен тазалаймыз. Соған қатысты жұмыстар атқарылатын болады. Кешке дейін комиссия жұмысын атқарады. Қандай қауіп бар, қосымша жерлерді анықтап, тиесілі шешімдерді кешке дейін бәрін сіздерге жеткіземіз", - дейді ол.

Сонымен қатар, аудан әкімі оқиға орнынан бір адамның мәйіті табылғанын жеткізді.

"Шынымен де, ондай ақпарат бар. Екі бала аудандық 8-мектепте оқыған болатын. 16 жастағы балалар. Мектеп директоры осында. Бүгін мектепке келмеді. Анасымен, өгей әкесімен. Қазір бір адам табылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғастырып жатыр", - деді әкім.