Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Президент ұстанған бағытқа заңнамалық қолдау көрсету – "AMANAT" фракциясының басты басымдығы

08.02.2024ж. 20:00
639
Президент ұстанған бағытқа заңнамалық қолдау көрсету – "AMANAT" фракциясының басты басымдығы

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларға Мәжіліс депутаттары – «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері заңнамалық қолдау көрсетеді. Халық қалаулыларының алдында тұрған жаңа міндеттер туралы бүгін фракция жиналысында талқыланды. Жиында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов Президент жедел шешуді қажет ететін елдегі ең маңызды мәселелерді айқындап бергенін атап өтті. 

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырманы орындау кезіндегі тиімсіз бюрократиялық тәсілдерді нақты мысал келтіре отырып айтты. Бүгінде нақты нәтижеге бағытталған кәсіби тәсіл қажет. Бұл қағиданы заң шығару барысында да ұстануымыз керек. Мәжілісте әзірленген әрбір заң Президенттің мемлекетті дамытуды және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін міндеттерін жүзеге асыру үшін жұмыс істеуі тиіс.