Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елімізде 6 мың 100 тонна парфюмерия мен опа-далап шығарылды

AstanaTV
08.02.2024ж. 20:00
308
Елімізде 6 мың 100 тонна парфюмерия мен опа-далап шығарылды

Жұрт қазір азық-түлік, киім-кешекті ғана емес, опа-далапты да онлайн сатып алады. Былтыр елімізде 95 мың тоннаға жуық опа-далап пен иіс су сатылған. Оның дені электронды түрде саудаланған. Осы және өзге де ақпараттар "Экономика" топтамасында. 

Ар ма көрермен. Эфирде "Экономика". Студияда мен Сүндет Оралбек.

Елімізде нәзік жандылар күнделікті қолданатын опа-далаптардың өндірісі 6,1 пайызға өсті. Былтыр 6 мың 100 тонна парфюмерия мен косметика шығарылған. Оның 54 пайызы, яғни 3 мың 800 тоннасы экспортталды. Десе де, сұлуларымыз отандық өнімді көп тұтынбайтын көрінеді. Нарықтағы заттың 93 проценті шеттен келеді. Көш басында Корея мен Қытай тұр.

Депозиттің пайызы төмендеді. Жылдық мөлшерлеме шамамен- 13,7 процент. Несиенің де орташа мөлшерлемесі 17,9 пайызға дейін түскен. Мамандар бұл жағдайға Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендеткені себеп дейді. Өткен жылдың наурызына дейін ол -16,75 пайыз. Қазір -15,25 процент. Бұл банктерде депозит ашу тиімсіз болып кетті деген сөз емес. Десе де, қалталылар жиған терген қаражатын айналымға шығаруы мүмкін.

Алдап немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүлікке залал келтірді деп айыпталған Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 44,6 млрд теңге қайтарды. Бұл- биыл қайта өткізген қыруар миллиардтар. Өткен айда ғана Қайрат Сатыбалды 650 млрд теңгені қазынаға құйған болатын. Қазір оған қатысты «Салық төлеуден жалтару» бабы бойынша тергеу жалғасуда.

Көк қағаздың құны өткен аптамен салыстырғанда біршама нығайды. Қазір ақша айырбастау пункттерінде доллар 450-454,5 теңгемен саудалануда. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,96 теңге болды.

Мендегі бар ақпарат осы. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!