Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызметіне сай келмейтін полицейлер жұмыстан шығарылады", – ІІМ

08.02.2024ж. 20:00
444
Қызметіне сай келмейтін полицейлер жұмыстан шығарылады", – ІІМ

Биыл өтетін кезектен тыс аттестация барысында қызметіне сай келмейтін полицейлер жұмыстан шығарылады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары мәлімдеді. Жеке құрам арасында тәртіпті күшейту шаралары үнемі жүргізіледі. Егер полицейлер заңсыз әрекеттерге барып жатса, онда өзіндік қауіпсіздік және кадрлық бөлім қызметкерлері ертерек анықтамағаны үшін жауап береді. 

Игорь ЛЕПЕХА - ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жеке құраммен жұмыс істеуге бірінші кезекте жауапты орта буын басшыларын тексеріп, аттестациядан өткізіп, талапқа сай келмейтіндерін жұмыстан шығарамыз. Полицейлер заңсыз әрекеттерге барса, онда өзіндік қауіпсіздік қызметі мен кадрлық бөлімше қызметкерлері осы адамдарды ертерек анықтамағаны үшін жауап береді.