Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Түркістан облысында жоғалған малын іздеп шыққан ер адамның мәйіті табылды

AstanaTV
08.02.2024ж. 21:10
1082
Түркістан облысында жоғалған малын іздеп шыққан ер адамның мәйіті табылды

7 ақпанда 1975 және 1989 жылдары туған екі адам Түлкібас ауданының Керейт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен, деп хабарлайды.

"Іздеу жұмыстарын қолайсыз ауа райы (тұман, қар, екпінді жел, боран) қиындатты. Іздеу тобы 1989 жылы туған азаматты Шинбұлақ ауылынан тапты. Өкінішке орай, 1975 жылы туған азаматтың денесі табылды", - деді Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Сүлейменов

Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған кезде үйде болу керегін ескертті.