Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақтөбе облысында бес ауыл жарықсыз отыр

AstanaTV
09.02.2024ж. 16:10
835
Ақтөбе облысында бес ауыл жарықсыз отыр

Ақтөбе облысының Хромтау және Әйтеке би аудандарындағы бес ауылда әлі жарық жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарық беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан еді.

Облыстағы 56 ауылдың 27-сі жарыққа қосылды. Ол - 2700 абонент. Ақтөбе қаласында да жарық сөнді. Қала және аудандарда жарық беру жұмыстары үздіксіз жүргізіледі, - деп атап өтті Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты сөніп қалған ауылдарда жарық қосылып жатқаны белгілі болды.

Ақтөбе облысы бойынша Хромтау ауданында үш, Әйтеке би ауданында екі ауылда жарық жоқ. Қалада негізгі шағымдар бойынша жұмыс істелді. Таңғы жуық барлығы қосылды. Алайда қазір қайта шағым түсіп жатыр, - деді «Энергосистема» ЖШС бас директоры Ержан Жексембинов.

Ақтөбе облысында барлығы 35 бригада электрмен қамту жұмысын жүргізіп жатыр.