Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Есеп емес, нәтиже күтеміз», - депутат

09.02.2024ж. 20:00
731
«Есеп емес, нәтиже күтеміз», - депутат

Тұрғындарды алаңдатқан мәселе көп. Шешімін таппай шарқ ұрып, шырылдағандардың шерін естісең, шенділер қайда қарап отыр деп ойланасың. Біраздан бері шешімін таппаған қоғамдағы біраз өзекті проблеманы Президент көтерді. Осы аптада жаңа Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысы қойған басты талап- шенеуліктер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуі тиіс. Енді жұрт жауаптылардан сан емес сапа, есеп емес нәтиже күтеді.

Мәселе бар. Шешім керек. Түйіткілсіз қоғам жоқ. Тарқататын қадам болса болғаны. Көкейді тескен сауал көп. Әртүрлі жауап бар. Халық жақсылыққа сенеді. Үмітке күдік ұялатуға болмайды. Президент тапсырма берді. Үкімет ә дегеннен жұмысқа кірісті. Енді берекетін күту ғана қалды.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Сақтандыруды не дәрігерлер жөнді пайдаланбайды, не халық емханаға барса, онда іске аспай жатыр ғой.
- Тұрғындардың жаңадан салынған үйлерге шағымданатындары рас. Себебі мердігерлер дұрыс салмай кетеді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Президент айтқан маңызды мәселелерді тыңдадым. Оның ішінде медициналық көмектің сапасын арттыруды тапсырды.
- Елімізде белең алып жатқан мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық болса, сол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау туралы тапсырмаларын берді.

Елді алаңдатқан бірінші мәселе – міндетті әлеуметтік медициналық көмек. Бұл жүйенің іске қосылғанына бақандай 5 жыл болды. Бюджеті де жаман емес. Құрылғаннан бастап екі есе өскен. Биыл тағы 2,6 триллион теңге бөлінеді. Бірақ теңге тиімділікті арттырды деп айта алмаймыз. Көп қызмет әлі де қолжетімсіз.

Төреайым СҰЛТАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Халықтың талап-тілегін дұрыстай, талқылай келе ыңғайластыру жағын қарастырса дейміз. Өйткені кейбір кездерде келіп медицина саласына келген кезде үлкен қомақты ақшаны бірден төлеу керектігі жайында айтатын болсақ оның өзі де кейбіреудің қалтасына кәдімгідей әсер етеді.

Иә, МӘМС төңірегінеде мәселе көп. Халық бұған дейін қызметкерлер тегін дәріні тек жақындарына алып береді деп шу шығарған. «Бақсам бақа екен», демекші, гәп жең ұшынан жалғасқан жемқорлықта жатыр дегендер болды. Президент сыбайлас жемқорлықпен күресуді тапсырды. Әсіресе құрылыс саласын бармақ басты, көз қысты әрекетке жол беретіндер көп екенін айтты.

Бауыржан ЗӘКИ, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» РҚБ БҚО БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ:

Қай жерде қаражат, яғни, бюджет ақшасы көп бөлінеді, көп игеріледі, сол жерде коррупцияның тамыры кең жайылған. Құрылыс, білім саласы, денсаулық сақтау, бұлардың барлығында да осындай ұрлық, жемқорлық өршіп тұр.

Мойындау керек, бізде «сырты бүтін, іші түтін» тірлік көп. Жолдың жыры соған дәлел. Бұл тақырып қозғала қалса, алдымен Ақтөбе облысының шұрық-тесік жолдары еске түседі. Өңірде 18 жылдан бері жөңдеу көрмеген бағыттары бар.

Боран ІЗБАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жаз кезіңде жұмыстардың орындалмай қалатыны битум проблемасы. Өзіміз мұнайдың ортасында отырып, көрші Ресей мемлекетіне битум алуға тәуелдіміз. Олардың жасалып жатқан жұмысына байланысты ішкі нарығын дамыту үшін бірінші өздері қолданады да , тек содан кейін қалған өнімді береді.

Еліміздің құтын қашырып тұрған бұл ғана емес. Ауыл шаруашылығын тежеп тұрған кедергі көп. Түйткілдің бірі – су тапшылығы. Жағдай күрделі. Әсіресе, Түркістан және Қызылорда облысында құрғақшылық қаупі жоғары.

Жорабек НҰРЫМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Суды көп пайдаланатын дақылды азайту мәселесін айтты Президент. Қазіргі таңда оны 6-7 мың гектарға азайтамыз деген үміт бар. Оның орнына суды аз пайдаланатын дақылдарды егу мәселесі қолға алынып жатыр.

Президент бұдан өзге өзекті мәселелерді де көтерді. Экономиканы дамытуға бағытталған нақты шешімдер айтты. Әсіресе, елге инвестиция тарту, салық саясатын реформалау, бизнесті қолдау және зейнетақы активтерін тиімді пайдалану керек деген тапсырма берді.