$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырау облысында аумақтық инспекциясының басшысы пара алу бойынша күдікке ілінді

09.02.2024ж. 20:00
555
Атырау облысында аумақтық инспекциясының басшысы пара алу бойынша күдікке ілінді

Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы пара алу дерегі бойынша күдікке ілінді. Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жариялады. Олар таратқан хабарламаға сәйкес, 40 жастағы шенеунік кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу кезінде заңды қызметін жедел және кедергісіз жүзеге асырғаны үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан екі миллион бір жүз мың теңге пара алды деген күдік бар. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Шенеунік бұл қызметте 3 жыл 5 ай отырған. Оны қаңтар айының ортасынан қызмет орнынан алып кеткен. Кабинеті мөрленіп, жабық тұр.