Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

92 жастағы қария өзінен 70 жас кіші қызға үйленді

AstanaTV
09.02.2024ж. 21:38
2423
92 жастағы қария өзінен 70 жас кіші қызға үйленді

Иракта қария Мусали Мұхаммед әл-Муджамая өз немересімен бір күнде шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Самарра қаласының шетіндегі Губбан аулында бір әулеттің мүшелері бір күнде 3 туысының үйлену тойын өткізді. 92 жастағы қария жас қызға үйленген. Ал оның 19 және 17 жастағы немерелері жергілікті қыздармен некелесті.

Үйлену тойына жергілікті ақсақалдар мен көсемдер қатысты.

"Мен немерелеріммен бір күнде үйленгенім үшін сондай бақыттымын. Өзімді 20 жастағы жігіттей сезініп тұрмын", – дейді Мусали Мұхаммед әл-Муджамая.