Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елімізде қашан күн жылынатыны белгілі болды

AstanaTV
10.02.2024ж. 09:15
539
Елімізде қашан күн жылынатыны белгілі болды

Ақпан айы жауын-шашынмен бастау алады. Дегенмен елімізде алғашқы бәйшешек осы айда гүлдеп, күн жылынуының белгілері байқалады. Кібісе жылы да ауа-райы ақпан да жылына ма? Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

"Консультативті синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, 2024 жылдың ақпан айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары болады. Шығыс Қазақстан облысында, Алматы мен Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарының тау және тау бөктеріндегі аудандарында норма шамасында болады",- делінген хабарламада.

Синоптиктер ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында болатынын хабарлады.

Синоптиктер таратқан мәліметте:

"Атырау облысында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің тау және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады деп болжанып отыр. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын көбінесе қар түрінде, оңтүстік жартысында жаңбыр, қар түрінде жаууы мүмкін. Тұман, көктайғақ, жел күшейіп, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады",-делінген.

Қазгидромет болжамы бойынша, ақпанның бірінші онкүндігінің басында ҚР басым бөлігінде қар, бұрқасын, кезеңнің ортасында және соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ақпан айының басында оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында кейде қалың қар жауады деп болжанып отыр. Тұман, көктайғақ болып, жел 15-28 м/с дейін күшейеді.

"Республиканың батысында ақпан айының басында, бірінші онкүндіктің ортасына қарай басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды, күндіз жақсы көрсеткіш күтіледі: солтүстік жартысында -3+2°С дейін, оңтүстігінде +5+15°С дейін жоғарылайды. Ақпанның бірінші онкүндігінің соңында солтүстік-батыс жартысында, содан кейін ҚР қалған аумағында температуралық фон төмендейді",- делінген хабарламада.