Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда лай көшкіні құрбандарымен қоштасу рәсімі өтті

AstanaTV
10.02.2024ж. 10:47
774
Алматыда лай көшкіні құрбандарымен қоштасу рәсімі өтті

Лай көшкіні салдарынан қаза тапқан азаматтармен қоштасу рәсімі “Көктөбе” санаторийінде өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

8 ақпан күні түнде Тау-Самал шағын ауданында лай көшкіні 1 үйді толығымен басып қалған болатын. Тағы бір үйге жартылай зақым келді. Жарты күнге жалғасқан құтқару-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 4 адамның мәйіті табылды.

Айта кеткен жөн, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаза болған азаматтардың туған-туысқандарына көңіл айтып, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға әкімшілік көмек беретінін айтқан болатын.

Қаза тапқандар қалалық “Боралдай” зиратында жерленеді.