Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Шығыстың келіні болды": "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі ұзатылды

AstanaTV
10.02.2024ж. 14:43
3307
"Шығыстың келіні болды": "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі ұзатылды

Актриса, "Түнгі студия" телебағдарламасының жүргізушісі Салтанат Серкебаева бүгін "сырғалым" атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Актрисаның ұзату тойынан видеолар танымал тележүргізушілер Айгүл Мүкей мен Ләйлә Сұлтанқызының Instagram-дағы жеке парақшаларында жарияланды.

"Сырғаң құтты болсын!", - деп жазыпты Айгүл Мүкей.

Желі қолданушылар да тележүргізушіге ақжарма тілегін жаудырған: "Әдемі қыз, бақытты бол! " "Бағы баянды болсын! Өнерін тастатпайтын, жиған абыройын таптатпайтын күйеу болсын!". "Маңдайыңнан бақ кетпесін!"

Ал Ләйлә Сұлтанқызы Салтанат Серкебаеваның Шығыс Қазақстанға ұзатылып бара жатқанын жазған.

"Ұлы жүз бен орта жүздің арасында тағы бір көпір орнады", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.