Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстандықтар арасында танымал аралда жаңа туристік салық енгізіледі

AstanaTV
10.02.2024ж. 16:03
676
Қазақстандықтар арасында танымал аралда жаңа туристік салық енгізіледі

Балиде туристерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға, Бали мәдениетін сақтауға және қоршаған ортаны қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа туристік салық енгізіледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

EturboNews хабарлағандай, 14 ақпаннан бастап Индонезия аралына келген барлық шетелдік турист 150 000 рупий (шамамен 5000 теңге) көлемінде туристік салық төлеуге міндеттеледі. Бұл төлем тек Балиге ғана емес, оны қоршаған аралдарға да қатысты. Атап айтқанда Нуса Пенида, Нуса Лембонган, Нуса Ченинган және т.б. Аталған салықты, тіпті, Индонезияның басқа аймақтарынан келетін туристер де, балалар да төлейді.

Салықты Love Bali сайты арқылы алдын ала төлеуге болады. Кейін туристік салық билеті жолаушылардың электрондық поштасына жіберіледі. Туристер электронды билетті телефондарына сақтап алуы керек. Өйткені оны Бали әуежайы мен теңіз порттарында тексереді.

Айта кетейік, салық енгізу туралы шешім туристердің жыл санап көбеюіне байланысты қабылданған. Өткен жылы Балиде 5,2 миллион адам демалған. Биыл 7 миллион турист келеді деп жоспарланған.