$519.51 €611.83 ₽6.6
×

“100 мың теңге”: Қазақстандықтарға өтемақы беріледі

AstanaTV
11.02.2024ж. 08:16
7251
“100 мың теңге”: Қазақстандықтарға өтемақы беріледі

Алаяқтар "Қазақстандықтарға 100 мың теңге төленетіні" туралы фейк ақпаратты тарата бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Facebook-те қазақстандықтарға мемлекеттен 100 мың теңге мөлшерінде өтемақы төленетіні туралы жарнамалық ақпарат тағы да шықты. Яғни, бұрын төленген қаражат қайтарылады, бірақ қандай қаржы екені нақтыланбайды.

"Бұл хабарландыру – фейк. Бұл – белгілі алаяқтық схема. Адамдардың ақшалай қаражатына қол жеткізу үшін алаяқтар Facebook-те Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан парақша ашқан. Онда ведомство жаңалықтары да, пайдалы ақпарат та жоқ", - делінген ақпаратта.