$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда 95,5 келі балықты заңсыз тасымалдағандар ұсталды

AstanaTV
11.02.2024ж. 17:42
7347
Атырауда 95,5 келі балықты заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Атырау полицейлері Toyota автокөлігімен 95,5 келі заңсыз балықты тасымалдағандар ұсталды

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 1 ақпаннан бері «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Бұл іс-шараның мақсаты — браконьерлікті, биологиялык ресурстардың заңсыз айналымын анықтау. Іс-шара кезінде Атырау қаласының аумағындағы балық және өзге де жануарлардың өнімдерін заңсыз сату, сатып алу және тасымалдаудың жолын кесу үшін ірі базарларға арнайы тексеру жүргізу басталды. Мәселен, 8 ақпан күні балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің кызметкерлері мұнайлы шаһардағы сауда орталығының алдында Toyota автокөлігімен жалпы салмағы 95,5 келі болатын балық өнімдерін тасымалдаушыларды анықтады. Күдікті ретінде Атырау қаласының 21 және 20 жастағы екі тұрғыны ұсталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкрелері ұсталғандарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 389-бабымен ( Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау, ұстау) іс құжаттары жинақтады. Іс құжаттары тиісті шарасын алу үшін тиісті органдарға жолданды.