$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жыл басынан бері 300-ден астам қауіпті қылмыскер ұсталды

AstanaTV
12.02.2024ж. 10:45
683
Жыл басынан бері 300-ден астам қауіпті қылмыскер ұсталды

2024 жылдың басынан бері ҚР Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері іздеуде жүрген 300-ден астам қылмыскерді ұстады және 200-ден астам із-түзсіз жоғалған адамды тапты.

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Жангелді Табилов қауіпті қылмыскерлердің ұсталуының жай-жапсарымен бөлісті.

Павлодар облысының кенттерінің бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде павлодарлық тұрғынды атыс қаруымен атып өлтіргені үшін 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Данат Бакибаев ұсталды.

Алматы облысында Сабыржан Масахбаев ұсталды. Ол 2023 жылдың аяғында Алматыда топ құрамында бола отырып, алдын ала сөз байласу арқылы Сингапур азаматына шабуыл жасап, 3 млн теңге мен 13 мың АҚШ долларынан астам сомада ақшаны тартып алған. Ұсталған адамның сыбайластары бұрын құрықталған.

Түркістан облысында полиция 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Жамшид Ахмедовты ұстады. Шетелдік Сарыағаш ауданындағы "Жібек жолы" шекара бекетінде шекарадан өту кезінде қамауға алынды. Ер адам 2014 жылдан бастап Ресей Федерациясының Иркутск қаласында кісі өлтіргені үшін іздеуде болды.

"ІІМ жедел бөліністерінің қызметкерлері Шымкентте көрші мемлекеттің құқық қорғаушыларымен алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген тағы бір өзбекстандық Маруфжон Жураевты ұстады, – деді ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жангелді Табилов", - деді Жангелді Табилов.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі атап өткендей, Ішкі істер органдарымен жүргізілетін іздестіру жұмыстары жасалған қылмыс үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуді көздейді.

2024 жылдың 8 ақпанында "Дикий Арман" бандысының мүшелері Алматы мен Шымкентте ұсталғаны белгілі болды.