Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Лотереядан ақша ұтқандар аты-жөнін неге жарияламайды?

AstanaTV
12.02.2024ж. 12:11
659
Лотереядан ақша ұтқандар аты-жөнін неге жарияламайды?

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев қазақстандықтардың лотереядан ақша ұтқаны жайлы мәліметті жариялаудан неге бас тартатынын айтты, - деп жазды inform.kz.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша бүкіл лотереялық өнімдердің ұтыс қоры, яғни, аударылған ұтыс көлемі 305 млрд теңге болды. Ал ұтыс операторларының жалпы ақша айналымы 356 млрд теңгеге жеткен. Бірақ біз азаматтардың ұтыс ұтқаны туралы мәліметтерді жиі ести бермейміз. Өйткені лотерея жеңімпаздарының көбі, 90 пайызы деп айтуға болады, „инкогнито“ мәртебесінде қалғанды жөн көріп, сұхбат бермейді. Фотосессиядан бас тартып, жариялықтан қашады. Ұтыс сомасы мен жеке дерегін жариялаған жағдайда сотқа беретінін айтып қорқытады», — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Спикердің айтуынша, ұтысын алуға маска киіп, көзәйнек тағып келетін жайттар болған.

«Оның себебі түсінікті — кейбіреуі қауіпсіздігіне алаңдайды, қарыз сұраушылар көбейеді, жеңісті тойлауға шақыратындар болады», — деді Мирас Төлебаев.