Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Прокуратура қызметкерімін»: Павлодар облысында сотқа дейінгі тергеу басталды

AstanaTV
13.02.2024ж. 11:13
517
«Прокуратура қызметкерімін»: Павлодар облысында сотқа дейінгі тергеу басталды

Ұсталған адамның прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, бопсалаушы ұсталды.

Әлеуметтік желіде облыс прокуратурасының қызметкері ақшалай қаражат бопсалағаны туралы ақпарат таралған.

– 2024 жылғы 9 ақпанда қала тұрғыны облыс прокуратурасының жеке қауіпсіздік қызметіне прокуратура қызметкерінің іс-әрекетіне қатысты шағыммен жүгінді. 10 ақпанда облыстық полиция департаменті ҚК-нің 194-бабы (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – дейді прокуратурада.

Күдікті сол күні ұсталды және жасалған қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәлі деп танылды. Ұсталған адамның прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ.

Қылмыстық істі тергеу жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.