Спорт Қазақстан
$451.03 €487.47 ₽4.94
×

"Ешкім білмейтін еді" : Танымал актер 17 жылдан бері жұмбақ жағдайда жоғалған әкесін іздеп жүр

AstanaTV
13.02.2024ж. 12:01
9695
"Ешкім білмейтін еді" : Танымал актер 17 жылдан бері жұмбақ жағдайда жоғалған әкесін іздеп жүр

Танымал актер, табысты кәсіпкер Жарас Ахметов жан сырын айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Нұрлы жан" you tube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 Жарастың жанына жара салған оқиға 2007 жылы орын алған:

"2007 жылы ненің не болғанын түсінбеймін. Әкем із-түссіз жоғалып кетті. Қарындасымның үйіне барып, хат жазып кетіпті. Тек «барлықтарыңа ризамын» деп қана жазыпты. Кішкентай қағазға жазған. Болды. Бұл туралы ешкімге айтпағанмын. Бұл уақытқа дейін жариялап, ешкімге шығарған жоқпын. Мен 1 жарым жыл іздедім. Бүкіл Алматы, Қазақстан бойынша іздедім. Қандай жерде қандай сыбыс шықса да үмітімді үзбей жүгірдім. 4 ай бичтермен жүрдім. Солардың шай-нанын әперіп, машинама салып алып әкемнің дерегін сұрадым. Егер, өзі де көріп отырса, келуге ұялып жүрсе, осы сұхбаттан кейін келсе. Тірі болсаңыз, кешіреміз. Келіңізші. Әкенің орны бөлек. Қанша жоқ болып кетсе де, көріп отырса, ұялса, кешіріп қабылдауға дайынбыз. Қаншама ағайындарымыздың бәрі күтіп отыр. Мықты кісі. Мені таксист болып жүріп оқытқан",-деді ол.

Әкесінің есімі – Ахметов Кәмбіл Болатұлы. Анасы ауру болған. Кешкі бөлімде оқыған деп актер әкесіне деген сыйластығының жоғары екенін сипаттап айтып берді.