$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Болашақ» бағдарламасын дамыту перспективалары талқыланды

13.02.2024ж. 20:00
897
«Болашақ» бағдарламасын дамыту перспективалары талқыланды

«Болашақ» бағдарламасымен оқытылатын мамандықтар тізімі қайта жасақталуда. Алдағы үш жылға арналған стратегиялық жоспар «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі Республикалық кеңестің отырысында талқыланды. Соңғы жылдары инженерлік-техникалық және медициналық кадрларды даярлауға басымдық берілуде. Кеңес төрағасы, мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев тізімді өңірлердің сұранысына сай жаңартып отырған жөн дейді. Жобада Split PhD моделі бойынша докторанттарды даярлау, тағылымдамалар бағдарламасын жетілдіру және конкурстық іріктеу мен қабылдау процестерін цифрландыру көзделген.

Әлия ОСПАНОВА, "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі таңда бізде ҚР азаматтарын қарасақ 9 жарым мың Қазақстан республикасының азаматы шетелде оқып жатыр. Біздің мақсатымыз және міндетіміз арнайы көмек көрсету. Әрбір болашақ бағдарламасының иегеріне шетелде жүргенде бізге түскеннен кейін диплом алғанға дейін олар мониторингта болып отырады. Біздің болашақ иегерлеріміз олар ең бірінші біздің тілімізді ұмытпау керек. Олар қазақ тілінде сөйлеу керек.