$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Үш көлік батпаққа батып қалды

AstanaTV
13.02.2024ж. 19:36
Үш көлік батпаққа батып қалды

11 ақпанда Атырау облысы Исатай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен Тұщықұдық ауылына қарай бағыт алған үш автокөлік батпақты жерге батып, шыға алмай қалған.  

Шақырту сағат 23:10-да түсіп, адамдарды іздеу-құтқару үшін Исатай аудандық №6 ӨСБ-нің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері шықты.

Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде адамдар Тұщықұдық ауылынан 20 шақырым жерде табылды. Үш көлікте 15 адам, оның ішінде сегіз бала болған: барлығы қауіпсіз жерге көшірілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.