Көкшетау қаласында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің аумағында 30 шаршы метр аумақты құрайтын күзет дүңгіршегінен өрт шықты.
Өрт уақытылы сөндірілді.
ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылдырылды.
Оқиға орнынан бір адамның денесі табылды.
Өрттің алдын ала себебі — электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау.