Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

64 мыңға жуық мәдениет қызметкерлері жалақысы 55 пайызға өсті – Балаева

AstanaTV
15.02.2024ж. 11:58
961
64 мыңға жуық мәдениет қызметкерлері жалақысы 55 пайызға өсті – Балаева

Министрлік қайта құрылғаннан кейінгі алғашқы алқа отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева былтырғы жыл қорытындысымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдениет – ұлттық идеологиямыздың рухани діңгегі. Осы орайда, ел президенті "ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттермен мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден-бір кепілі" деген сөз сол қағиданың бүкіл мазмұнын ашып берді, - деп бастады сөзін министр.

Балаева осы қағиданы ұстанған жаңа министрлік жұмысы 2029 жылға дейінгі тұжырымдаманы орындаудан басталғанын айтты.

Біз бұл жұмысты 2029 жылға дейінгі Мәдениет саясат тұжырымдамасын жүзеге асырудан бастадық. Оның аясында 44 мәдени нысанның құрылысы аяқталса, тағы 260-ы жөндеуден өтті. 64 мыңға жуық мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 55 пайызға өсті. Былтыр республикалық концерттік ұйымдар 500-ден аса концерт ұйымдастырып, 2000-нан аса спектакль, 65 жаңа қойылымдар сахналанды, - деді ол.

Министр сондай-ақ татулық пен ынтымақты ту еткен "Бірлік" ансамблі құрылғанын хабарлап, ансамбль 1 наурызда көрерменге өнерін паш ететінін жеткізді.