Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүріп жатыр

AstanaTV
15.02.2024ж. 14:07
1195
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүріп жатыр

 Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүріп жатыр.  «Өскемен-Горная Ульбинка – Северное» автожолының учаскесінде жауын-шашынның көп түсуіне және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 600 текше метр қар көшкіні өздігінен түсті

 "Өскемен-Самара" тас жолында  қозғалыс тоқтатылды.

 Жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүріп жатыр.  Жұмысқа 300-ден астам техника жұмылдырылған.

Соңғы екі күнде Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында қардың бір жарым айға нормасы жауған. 

Шығыс Қазақстанда бес жүзге жуық қар көшкіні жүруі мүмкін аумақ бар, олардың барлығы бақылауда. 

Республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын тазарту бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізіліп жатыр.  Қазір облыстық маңызы бар сегіз, республикалық маңызы бар алты жол көлік қозғалысына жабылды.