Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Биотехнолог Дос Сарбасовтың тың жаңалығы науқасқарға қалай әсер етіп жатыр?

Биотехнолог Дос Сарбасовтың тың жаңалығы науқасқарға қалай әсер етіп жатыр?

Қазақстандық биотехнолог Дос Сарбасовтың қатерлі ісікке қарсы ойлап тапқан дәрісін 15 адам қабылдап үлгерген. Ғалымның бұл препараты - «DVC» деп аталады. Оны келер жылы нарыққа шығару жоспарда бар. Ұзақ жылдар Техас университетінде жұмыс істеген биотехнолог- қазір еліміздегі ұлттық зертхананың жетекшісі. Ол обыр ауруына қарсы дәріні жасап шығаруды 2014 жылы ойға алған.

Максим Покопцев 2018 жылдан бері аты жаман ауруға шалдыққан. Ол жылына бірнеше рет ауруханаға жатады. Қазір Алматы қаласындағы онкология және радиология институтында ем қабылдауда.

Максим ПОКОПЦЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Менде сигма тәрізді ішектің қатерлі ісігі. Бұған дейін екі химиятерпия курсын алғанмын. Мұнан кейін жағдайың аздап нашарлап, әлсіреп қаласың. Ем ауыр өтеді. DVC дәрісі керісінше. Препаратты қабылдағаныма 2 айға жуықтады. Өзімді жеңіл сезінемін. Қазір оң өзгерістер бар.

Биотехнолог 10 жыл бұрын бұл дәрінің қажет екенін біліп, шетелде іске кіріскен. 2019 жылы елге оралып зерттеу жұмысын Астана қаласындағы Назарбаев университетінде жалғастырды. Былтыр Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп клиникалық сынақтарды бастады.

Дос САРБАСОВ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, БИОТЕХНОЛОГ

Көп жылдық зерттеудің нәтижесінде біз KRAS-мутантты ісік жасушаларын басу үшін тотығу стрессін қолдануды шештік. Бүгінде алғашқы кезеңдер бойынша оң нәтижелер бар. Бірақ клиникалық сынақтар әлі жалғасуда. Біз қазір оның тиімділігін арттыру үшін препараттың оңтайлы, максималды төзімді дозасын анықтау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыс өте жауапты болғанымен, әлі жалғасуда.

Институт дәрігерлері қазіргі күні науқастардың денсаулығы бірқалыпты екенін айтады. Алайда дәрінің қуаттылығын тексеру үшін препаратты қабылдайтындар саны көбеюі қажет, дейді.

Қалдыгүл СМАҒҰЛОВА, ҚАЗАҚ ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РАДИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Қорытынды айту үшін науқас көбірек болу керек. Зерттеу жұмысы әрі қарай жалғасу керек. Сол кезде барып, дәрінің нақты дәрілік әсері бар екенін, қосымша қандай жағымсыз әсері бар екенін айта аламыз.

Дәрігерлердің айтуынша, былтыр бұл дәріні науқасқа қандай мөлшерде салынуы және оның әсері зерттелген. Науқастардың біразы дәріні қабылдаған соң, жүрек айну, әлсіреу сынды жағымсыз әсерлерге шағым түсірген. Сондай-ақ қан құрамында да өзгерістер байқалған.