$522.91 €548.85 ₽5.05
×

"Жылына 700-ге жуық баладан қатерлі ісік ауруы анықталады",- маман

AstanaTV
15.02.2024ж. 20:00
901
"Жылына 700-ге жуық баладан қатерлі ісік ауруы анықталады",- маман

Бүгін– қатерлі ісік ауруына шалдыққан балалар күні. Өкінішке қарай Астананың иөзінде 2 мыңдай бала қауіпті дертпен күресіп жатыр. "Жылына 700-ге жуық баладан қауіпті ауру анықталады" дейді мамандар.

Атыраулық Максимге 9 жыл бұрын айтуға ауыз бармайтын диагноз қойылған. Оны естігенде жынданып кете жаздадық,- дейді әкесі. Бір күн де зая кетірмей, баласын емдетуді қолға алған. Қазір 7інші сыныпта оқиды.

Илья ГОВМАН, АТА-АНА:

Алғашында 1 жыл бойы ауруханада жатты. Үйге арасында 2-3 аптаға ғана келіп тұратын. Кейін жарты жыл сайын шақыра бастады. Содан соң «сіздерде бәрі жақсы»,- деп жіберді. Біз мұнымен тоқтамаймыз. Жыл сайын қаралып тұрамыз әлі күнге дейін. Мәскеуге барып 2-3 клиникаға қаралдық. Онда да «бәрі жақсы»,- деді. 6 жылдан бері жақсымыз. Баламды мұғалімдер үйге келіп оқытып жүрді, қазір мектепке барады.

Елімізде қауіпті індетпен күресіп жатқан балалардың дені қан ауруына шалдыққан. Бірінші орында жіті лейкоз тұр , онан кейін орталық жүйке жүйесінің ісіктері, сосын жұмсақ тіннің саркомасы жиі кездеседі.

Даир НҰРҒАЛИЕВ, АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫ ОНКОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ:

Біздің клиникада екі мыңнан астам бала ем алуда. Біз 2012 жылы мидың сүйек кемігін ауыстырып трансплантациялауды бастадық, қазір біз трансплантацияның барлық түрлерін игердік. Бұл жақын және алыс шетелдердің халықаралық легистрлерімен оқытылған. Біз қазір емдеуде таргеттік және жаңа техналогиялар қолданамыз.

Жыл сайын дәл осы күні қатерлі дертке шалдыққан балаларға ерекше көңіл-күй сыйланады. Бұл оларға және ата-аналарына ауруды жеңуге күш береді дейді дәрігерлер. Обырды жеңген жандармен кездесу ұйымдастырылады.

Арайлым АДИЛОВА, ОНКОЛОГ-ГЕМАТОЛОГ:

Бұл мерекеде бізге көптеген келіп жатқан балалар біз чемпиондар деп атаймыз Чемпиондар деген балалар осы қатерлі ісікті женген. Біз үшін қуанышты жағдай болып отыр. Біздің бұл мерекенің басты мақсаты -осында жатқан балалардың үмітін арттыру, көзқарастарын өзгерту.

Қатерлі ісік ауруына шалдыққан балаларға ағзаны сақтайтын операцияларды тәжірибеге енгізуге көбірек көңіл бөлінуде. Жыл сайын сүйек ісіктері бар балаларға буындарды эндопротездеу операциялары жасалады. Былтыр ол 7 балаға жасалған.